Қысқаша тарихы » Шошанай орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Шошанай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 51-6-24
Есепші бөлімі:
+7(72778) 51-6-24
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
февраль
2020

Қысқаша тарихы

Одан кейінгі жылдары бұл мектепте Тәнкібаев Нұрмұқа, Қасымқан Салмекеев, Сейіт Ақынбаев, 1955-1958 жылдары Күрішбек Көжекбаев, Түзелхан Мақсутова, 1959 жылдан бастап мектепте Әуелхан Қожабеков, Жұмақан Әтібеева, Жетпісбаева Майра сияқты ұстаздар еңбек етті. 1964 жылдан мектеп XVIII партсезьд атындағы 8 жылдық мектеп болып қайта құрылып, 1969 жылға дейін Сайдахметов Анарбек басшылық етті. 8 жылдық мектепті 1969-1971 жылдары Теміралиев Ахмет, Әділова Нақан, 1971-1976 жылдары Нұров Дамир, 1976-1979 жылдары Қожабеков Әуелхан,1980-1984 жылдары Шегирова Дәріжан, 1984-1985 жылдары Дәуренбеков Ноғайбек, 1985-2003 жылдары қайтадан Шегирова Дәріжан, 2003-2011 жылдары Асаубаев Ыбырай басқарды. 2011-2018 жылдары Табылдиев Дәулет басқарды. 2018 жылдың 22 қарашасында Шабаданов Ұлан директор болып тағайындалды. Шошанай орта мектебінің қазіргі ғимаратыының құрылысы 1991 жылы басталып,каяқталмай 1999 жылға дейін тұрған. 1999 жылы жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, бұрынғы мектеп жобасының 1 корпусы ғана жасалып пайдалануға берілді Қазіргі мектеп ғимаратының жалпы көлемі 1027,0 шаршы метр. Мектепте 8 сынып, 1 компьютер, 1 физика кабинеттері, кітапхана, мәжіліс залы, спорт залы, медбике, директор және мұғалімдер бөлмелері бар. Шеберхана, асхана жоқ. Мектепте орталықтан электрқуаты, су құбыры тартылған, 2 қызмет телефоны бар. Қысқы маусымда мектеп автономды пеш арқылы сұйық отынмен жылытылады. 2 ауысымда оқитын 115 оқушыға 25 мұғалім білім береді және 17 қызметкер қызмет көрсетеді. 2014 жылы тамызда "Риголит" ЖШС мектептің құрылысын аяқтады.

Похожие публикации:

29 апрель 2020 Кездесу
29 апрель 2020 аймақтық семинар
10 март 2020 тамақтану
21 апрель 2017 жаңалық